Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының әкімі республикалық «Жер аманаты» комиссиясы мүшелерiмен кездестi

Қызылорда облысының әкімі республикалық «Жер аманаты» комиссиясы мүшелерiмен кездестi

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына іссапармен келген «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер Аманаты» республикалық комиссиясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов пен Бақытжан Базарбекпен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Айдос Абдрахмановпен кездесті.

Кездесуде аймақ басшысы комиссияның жұмысына сәттілік тілеп, облыстың аграрлық саласының бағыт-бағдарын таныстырды. Комиссия мүшелері 2022 және 2023 жылдары «Жер аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар мен алда орындалатын жоспарлар туралы айтты.

«Жер Аманаты» республикалық комиссиясы мүшелерінің Сыр өңіріне сапары 2 күн бойы жалғаспақ. Бүгін олар Жалағаш ауданы Таң ауылының, Сырдария ауданы Ақжарма ауылының тұрғындарымен және шаруа қожалықтары иелерімен кездеседі. Ал, сенбі күні партияның облыстық филиалында жер мәселесі бойынша тұрғындарды қабылдайды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
04 маусым 2023 ж. 188 0