Мәжіліс Төрағасының орынбасары Шаған ауылының тұрғындарымен кездесті
ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Балайым Туғанбайқызы Кесебаева Сырдария ауданына сапарын Шаған ауылы тұрғындарымен кездесуден бастады. Аталмыш кездесуге аудан әкімі, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы М.Ергешбаев, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Г.А. Бимендина және аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып қатысты.
Ауылының тұрғындарымен кездесу барысында ауыл азаматтарының ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Шаған ауылының ақсақалы Рамазан Ақанұлы алдымен аурухана жағдайын айтты. 5000-нан астам тұрғыны бар ауылды қамтамасыз ететін шағын аурухана немесе амбулатория қайтадан ашылса деген ұсыныс білдірді.
Сондай- ақ кездесуде ауыл азаматтары жер, су министрлігін құру, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына субсидия беру және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына берілетін мектеп формасының сапасы сын көтермейтіндігі жайында талап-тілектерін айтты.
Басқосуға Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Г.А. Бимендина арнайы қатысып, жер мәселесіне қатысты сауалдарға жауап берді.
Өз кезегінде Балайым Туғанбайқызы тұрғындар тарапынан түскен әрбір ұсыныс назардан тыс қалмайтындығын және олардың заң аясында шешілуін бақылауына алатынын жеткізді.
Ақтөре Ибрагимұлы,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі