Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбіт Смайлов жаңа бөлімге басшы болды

Бейбіт Смайлов жаңа бөлімге басшы болды

Сырдария ауданы әкімінің өкімімен «Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Смайлов Бейбіт Есенгелдіұлы тағайындалды.

Смайлов Бейбіт Есенкелдіұлы 1986 жылы туылған.

2007 жылы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған.

Білімі жоғары, 2007 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы «қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің» магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды қаласындағы Орталық Қазақстан университетінде оқытушы болып бастаған.

2008-2010 жылдар аралығында АО «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы филиалының Қарағанды жол бөлімі, Жаңа ауыл станциясында «жүк қабылдап тапсырушы», «вагон қозғалысын реттеушісі қызметтерін атқарған.

2011-2013 жылдары Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінде әлеуметтанушы маманы, Сырдария ауданы әкімі аппаратында бас инспектор, аудан әкімінің көмекшісі;

2013-2016 жылдары Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман;

2016-2018 жылдары Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінде бас маман;

2018-2019 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы;

2019-2021 жылдары Қызылорда қалалық мәслихаты аппаратының персоналды басқару қызметі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің әдіскері; Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;

2021 жыл Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман;

2021 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Отбасылы, 3 қыз тәрбиелеп отыр.
17 қаңтар 2023 ж. 274 0