Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөлім басшысы тағайындалды

Бөлім басшысы тағайындалды

Аудан әкімінің өкімімен Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына Айекешов Жігер Ондасынұлы тағайындалды.

Айекешов Жігер Ондасынұлы 1985 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2010 жылы Қызылорда Гуманитарлық унивеситетін «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2016 жылы «Болашақ» университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Қызылорда қаласындағы №43 орта мектепте мұғалім болып бастаған.

2011-2018 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасының дене шынықтыру және спорт инспекторы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогы, басқарма жанындағы оқу орталығының спорт жөніндегі әдіскері, аға әдіскері лауазымдарын атқарған.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының білім басқармасы аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының спорт бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.
27 желтоқсан 2021 ж. 748 0