Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Сырдария ауданы әкімінің өкімімен Смайлов Бейбіт Есенгелдіұлы Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Смайлов Бейбіт Есенгелдіұлы 1986 жылы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2007 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы «қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің» магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды қаласындағы Орталық Қазақстан университетінде оқытушы болып бастаған.

2008-2010 жылдар аралығында АО «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы филиалының Қарағанды жол бөлімі, Жаңа ауыл станциясында «жүк қабылдап тапсырушы», «вагон қозғалысын реттеушісі қызметтерін атқарған.

2011-2013 жылдары Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінде әлеуметтанушы маманы, Сырдария ауданы әкімі аппаратында бас инспектор, аудан әкімінің көмекшісі;

2013-2016 жылдары Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман;

2016-2018 жылдары Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінде бас маман;

2018-2019 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы;

2019-2021 жылдары Қызылорда қалалық мәслихаты аппаратының персоналды басқару қызметі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің әдіскері; Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2021 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 3 қыз тәрбиелеп отыр.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 қараша 2021 ж. 554 0