Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Руханият пен патриотизмді қалыптастырушы бағдарлама

Руханият пен патриотизмді қалыптастырушы бағдарлама

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағдарламалардың ішінде "Мәңгілік ел" патриоттық актісі құқықтық идеологиялық қызметін жүзеге асыратын басты құжат десем қателеспеймін. Себебі, бұл бағдарламаның негізгі мақсаты жоғары руханият пен патриотизмді қалыптастыру.

Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы жүзеге асырылады. Білім беру процесін ұйымдастырудың ең маңызды ерекшелігі-тәрбие мен білімнің бірлігінде. Ең алдымен білім беру ұйымдарының міндеті – білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, сақтайтын үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және Қазақстанның жаңа азаматын қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың бойына ұлттық мұраға (дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, мәдениетке) деген мақтаныш пен терең құрмет сезімін тәрбиелеу, «Құқық негіздері» пәні сабақтарында оқушылардың бойына өз Отанына, туған жеріне құндылық қатынасын дамыту бойынша жұмыс жасау.

Құқық дегеніміз – қоғам мүшелерін өздері таныған құндылықтар және стандарттармен байланыстыратын элемент. Бір жағынан ол адамдарға құқықтары мен міндеттері аясында заңды қарым-қатынас қалыптастыруға ерік береді. Екінші жағынан, ол заңдық реттеулерді бұзғандарға ымырасыз болады. Ал халықаралық құқыққа келетін болсақ, оның негізгі субъектілері ретінде жеке тұлға, азаматтар емес, мемлекеттер танылады. Халықаралық құқықтың өзін екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – ол қазақстандық құқық ғылымында халықаралық жеке құқық деп аталатын заңдар қайшылығы. Бұл көбінесе, шетелдік құқықты қолдану және шетелдік соттардың рөлі мәселелерін көтереді. Мысалы, қазақстандық азамат Мәскеуде орналасқан тауар бойынша Ресейде контракт жасасып, оны елде сатқан болса, туындаған дауды қазақстандық сот Ресей құқығы бойынша қарайды. Екіншісі – халықаралық жария құқық немесе халықаралық құқық (осы жерде халықаралық құқық деп сөйлеген кезде әрдайым халықаралық жария құқықты меңзейтінімізді көрсететін теңдікті қоюға болады). Бұл жай ғана құқықтық тәртіпке қосымша емес, ол – дербес құқықтық жүйе. Бұл кітап дәл осы құқықтық жүйе туралы болмақ. Халықаралық жария құқық мемлекеттер арасында орын алатын, соғыстан бастап ғарыш спутниктеріне дейінгі, саудадан бастап адам құқықтарына дейінгі барлық қарым-қатынастарды қамтиды және көптеген халықаралық және аймақтық институттардың жұмысын реттейді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық бөлімі Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдеріндегі халықаралық құқық саласында маманданушы заңгерлерді дайындау бойынша жетекші орталық болып табылады. Бөлім 1990 жылы ҚазМУ заң факультетінде құрылған халықаралық құқық кафедрасы негізінде жұмыс істейді. 1995 жылдан бері кафедра дербес «Халықаралық құқық» мамандығының базалық кафедрасы ретінде халықаралық қатынастар факультетінің құрамында қызмет етеді. «Халықаралық құқық» мамандығының ерекшелігі оның бітірушілерінің жалпы құқықтық пәндермен бірге халықаралық құқықтың әр түрлі салалары бойынша білім иеленіп, сонымен қатар, шет тілін жетік меңгергендігінен жұмысқа орналасуға өте кең мүмкіндіктерінде. Басқаша айтқанда, олардың тұлғасында заңгердің де, дипломаттың да қасиеттері ұштасады.

Мемлекеттердің зерттелген мәселеге қатынасының тәжірибесі мемлекеттік тәуелсіздік және мемлекеттің ішкі құзыретін құрметтеу қағидаларынан келіп шығады. Халықаралық құқық нормалары мен ішкі мемлекеттік құқық нормаларының арасында өзара байланысы болса игі, тіпті қажет-ақ...

Байтукаева Д.У .Отарбаева А.Б.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы
Б.Нұрабай Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық мамандығының 2 курс студенті
04 желтоқсан 2022 ж. 376 0