Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ағымдағы жылдың 1-7 желтоқсан аралығында Сырдария ауданы аумағында республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шара барысында жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау және жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендету көзделген.

Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігіне бақылауды күшейтіп, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықты анықтайды.

Құқық қорғау органдары барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, жолда өзара сыйластық танытуға және қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін әрекетке жол бермеуге шақырады.


Сырдария ауданы полиция бөлімі
02 желтоқсан 2025 ж. 24 0