Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БИІККЕ ӨРЛЕУДІҢ БАСПАЛДАҒЫ

БИІККЕ ӨРЛЕУДІҢ БАСПАЛДАҒЫ


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның санасын жаңғыртуда білімнің салтанат құруы, бәсекеге қабілеттілігі сана ашықтығының алатын орны маңызды екендігін атап өткен болатын. Бәсекеге қабілеттілік – биікке өрлеудің баспалдағы. Елдің бәсекеге қабілетті болуы, әрбір азаматтың дарынды әрі білімді болуы деген сөз. Сауаттылық сананы игеру ғана емес, сонымен қатар, өз болмысың мен күшіңді көрсете білу. Әрбір ел дамуы үшін алдымен білім керек. Міне, осы тұрғыда әрбіріміздің көңілімізде білімнің салтанат құруы шарт.
Келесі мәселе – ұлттық сана туралы. Мына өзгермелі заманда сана-сезім мен рухани дүниетанымды байытпай, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» – дегендей, өскелең ұрпаққа ұлттық сананы дұрыс қалыптастыруымыз керек. Ол үшін біз «бала – отбасы – мектеп» үш тұғырында әрбір жеке тұлғаны саналы азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен ұлттық идеологияның темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, рухани жағынан үнемі жетіліп, үздіксіз дамып отыруға тиіспіз. Рухани жаңғырудың маңызы мен мақсаты санасы сау, тарихын танитын, революциялық емес эволюциялық дамуды қолдайтын, прагматизмді сақтайтын заманауи талаптарды жатсынбайтын, әмбебап бола алатын жаңалыққа құштар, білімдар қоғам қалыптастыру. «Рухани жаңғыруымыз жаңғырық болып қалмас үшін» тұжырымды ойлардан тағылымды тәрбие алып, ісімізден нәтиже шығаруымыз керек.
Елбасымыз біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басу керектігі және бұқаралық сананы қалай өзгертуге болатыны жөнінде алысты болжайтын осындай терең көзқарастарымен, жақсы ойларымен бөлісті. «Адам ұрпағымен мың жасайды» – дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу, білім алу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман», – деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлға – еліміздің ертеңі және қоғамның белсенді де саналы азаматы. Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу – қазіргі педагогтің алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі.
«Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады», – деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, бала дамуының баспалдағы да осы тәрбиеден басталады. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзі де қоғамымызда ерекше қызығушылық тудырып, өзекті болып отыр. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру, баланың сана-сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді. Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу – уақыт талабы. Бүгінде оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу міндеті қойылып отыр. Оның себебі оқыту ғана емес, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарып, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақ халқының қалыптасқан ұлттық өзіндік дәстүрлері мен әдет-ғұрыптардың басымдылығы мен өзіндік бейнесін тарихи тұлға ретінде сақтауға тәрбиелеу. Осындай ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге көтеру үшін қабілетті тұлға қалыптастыру қажет. Жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, туған халқына деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру және өз ана тілі мен дінін, қазақ тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға тәрбиелесек ғана мақсатқа жетеміз.
Білімнің негізі мектепте қаланады. Баланың болашақта мықты маман болуы да, саналы азамат болып қалыптасуы да тікелей мектеппен байланысты. Бүгінгі заманның сұранысына жауап беретін, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуға ықпал ететін заманауи мектептер сапалы білім берумен қатар оқушының өзіндік жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Бұл дегеніміз – оқушы үнемі ізденісте бола отырып, нақтылы қайнар көздерден алынған мәліметтерді ой елегінен өткізіп, қорытып, тәжірибемен ұштастырады. Біздің облыс ұстаздары да білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сабақ өткізеді. Ұстаз бен шәкірт бірлесе шығармашылық, тәжірибелік, жобалық тапсырмаларды орындайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, зияткерлік байқауларға, олимпиадаларға және біліктіліктерін арттыру мақсатында халықаралық, республикалық семинарларға қатысады.
Бүгінгі күні идеясы тың жан-жақты сауатты, кәсіби мамандардың жоғары жетістікке жетуіне ақпараттық-технологиялық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі ақпараттар дәуірі үстемдік алған ашық қоғамда санамыз бен жан дүниемізді рухани жағынан жаңғырту, ұлттық болмыс пен бірегейлігімізді сақтап қалу, білімділікке ұмтылу аса маңызды. Уақыт өткен сайын техниканың жаңаруы мен дамуы белес алып, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының іске қосылуы да заманауи жаңғырудың бір белгісі болып отыр.

Баймырза ҚОЖАМБЕРЛИЕВ,
«Өрлеу БАҰО АҚ» облыс
бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының кафедра меңгерушісі,
ф.ғ.д., профессоры.
29 қазан 2018 ж. 1 030 0