Президент әкімдердің өкілеттігін кеңейтуді тапсырды
Айдарлы ауылдық округінің әкімі,
«AMANAT» партиясының мүшесі:
Ауыл әкімдерінің Астанадағы басқосуындағы негізгі басымдықтардың бірі – ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейту болды. Бұл туралы Президент жеке тапсырма берді. Қазіргі уақытта Мәжілісте «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңға енгізілетін түзетулер қарастырылып жатыр. Бұл жұмысқа депутаттармен бірге сарапшылар, қоғам белсенділері, ауыл, аудан әкімдері де атсалысуда. Заңда әкімдердің өкілеттігін кеңейту көзделген.
Президент айтқандай, жергілікті мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлері арасындағы жауапкершілік шегі анықталмаған, бұл өңірлердегі жағдайға кері әсер етеді. Ауыл әкімдері еркін жұмыс істеп, жергілікті проблемаларды өз бетінше шешуі үшін олардың өкілеттігін нақтылауымыз керек. Сонда әкімдердің мүмкіндігі де, жауапкершілігі де артады. Бұл – Мемлекет басшысының берік ұстанымы.
Сонымен қатар ауыл әкімдіктері қызметкерлерінің жұмыс істеуіне, олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне де жағдай жасауға тиіспіз. Халық пен билік арасында диалог орнатып, жұртшылықпен тікелей жұмыс істейтін де солар. Бұл міндеттерді әкім жалғыз өзі орындай алмайды. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің санаттарын нақты белгілеу бойынша жеке тапсырма берілді.
#AMANAT










