Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ауыл әкімдерінің диалог-платформасынан көп ой түйдік

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасынан көп ой түйдік

Зейнұр Жаманқұлов,
Аманкелді ауылының әкімі,
«AMANAT»партиясының мүшесі:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Алғаш рет екі жарым мың ауыл әкімі Астанада бас қосты. Форум бүкіл басқару жүйесін біріктірді. Жиында Президентіміз сөз сөйлеп, ауылдың болашақ дамуы, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру бойынша өз ойларын ортаға салып, алдымызға бірқатар міндет қойды.
Жиында ашық та мазмұнды әңгіме өрбіді. Ауыл әкімдері өз ойлары мен ұсыныстарын Президентке тікелей жеткізуге мүмкіндік алды. Ауылдың келешегіне қатысты халықты толғандыратын ең өзекті мәселелер қозғалды. Көтерілген тақырыптардың дені бұған дейін де депутаттардың өңірлерге сапары кезінде қозғалған болатын. Мемлекет басшысы бүгін соларға нақты жауап қатып, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берді.

Өздеріңіз білесіздер, ауыл әкімдерін тікелей сайлау – саяси реформалардың ажырамас бір бөлігі. Биыл Президенттің осы стратегиялық бастамасына бес жыл толып отыр. «Жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады» деді Мемлекет басшысы. Олар ауылдағы ахуалды, жұрттың мұң-мұқтажын біледі, терең түсінеді. Халық та әр әкімді жақсы таниды, үміт артады. Сондықтан сайланған ауыл әкімдерінің жауапкершілік жүгі тіптен жоғары.

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасынан көп ой түйдік. Еліміздің барлық өңірінен келген әріптестерімізбен пікір алмастық, тәжірибе бөлістік. Енді Президент айқындап берген тапсырмаларды орындауға жұмыс істейтін боламыз.
#AMANAT
02 желтоқсан 2025 ж. 35 0