Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Партиялық жобаларды жүзеге асыру – әкімдер жұмысының басым бағыты

Партиялық жобаларды жүзеге асыру – әкімдер жұмысының басым бағыты

Өмірбек Тоқпамбетов,
Жетікөл ауылдық округінің әкімі,
«AMANAT» партиясының мүшесі:

Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының жобаларына жеке тоқталып, оң баға берді. «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты» тұрғындардың сұранысы мен талап-тілегіне толық сай келеді. Бұл жобалар ауыл әкімдері үшін халықтың тұрмысын көтеруге, кірісін арттыруға зор мүмкіндік туғызып отыр.

Партияның «Әкімдер мектебі» жобасы да өз тиімділігін көрсетті. Сондықтан Президент осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырып, күшейтуді тапсырды. Әкімдік институтын реформалау қазіргі уақытта осындай ерекше қарқынмен жүргізілуде. Өзгерістер жалғасып келеді. Алдымызда парламенттік реформа кезеңі тұр. Оны бүкіл Қазақстан жұртшылығы қызу талқылап жатыр. Болашақ Парламенттің құрылымына қатысты сұрақтар да аз емес.

Мемлекет басшысы солардың біразына жауап берді. Президенттің пікірінше, депутаттардың санын тым көбейтудің қажеті жоқ. «Керісінше, оңтайландыру керек, Парламенттің жұмысын жетілдіру қажет» деді. Мәселен, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайланады. Онда жаңа комитеттер ашуды да ұсынды.

Жалпы, бүгін еліміздің келешегіне қатысты маңызды пікірлер, бастамалар ортаға салынды. Форумға қатысқан бүкіл билік тармақтары оларды іске асыру бойынша жұмылып жұмыс атқарады.
02 желтоқсан 2025 ж. 35 0