Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестікті және монополияға қарсы реттеу алқасының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері кіреді.

Бақыт Сұлтанов 2003-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметін атқарған. 2006 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы, Қаржы вице-министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2010-2013 жылдар аралығында Президенттің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі.

2018-2022 жылдар аралығында Астана қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметтерін атқарған.

15 тамызда Бақыт Сұлтанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды.

14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Бақыт Сұлтанов қант тапшылығы мен оны сатудағы дүрбелең үшін президенттен сөгіс алды.
07 қазан 2022 ж. 340 0