Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылсын», делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Ерболат Асқарбекұлы 1970 жыл Алматы қаласында дүниеге келген.
1987 жылы Алматы қаласының Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген.
Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.
1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған;
1998 жылы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған;
1998 жылы ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі лауазымын атқарған;
2000 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
2001 жылы Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы болған;
2001–2003 жылдары ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы ретінде қызмет атқарған;
2003–2004 жылдары – ҚР қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; ҚР Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі;
2004–2006 жылдары – ҚР денсаулық сақтау министрі;
2006–2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап – ҚР экономикалық даму және сауда министрі;
2013 жылғы 16 қаңтардан бастап – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
2014 жылғы 6 тамызда ҚР Президентінің № 880 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
2015 жылғы 30 сәуірде ҚР Президентінің № 5 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.
2016–2017 жылдары – «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы.
2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2017 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және жаңа технологиялар министрдің міндетін атқарушы Т. Тоқтабаевтың «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 824 бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
2019 жылдың 25 ақпанында Елбасының жарлығымен ҚР Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды.
2022 жылдың 21 қаңтарында Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.