Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш жылдық бюджет бекітілді

Үш жылдық бюджет бекітілді

Аудандық мәслихаттың кезекті 12-сессиясы өтті. Сес­сияға аудандық мәслихат депутаттарынан бөлек аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары кент және ауыл әкімдері қатысты. Аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов төрағалық еткен сессияның күн тәртібінде 8 маңызды мәселе қаралды.
Жылды қорытындылаған мәжіліс­те­гі алғашқы баяндаманы Е.Әжікенов жасап, 2021 жылы атқарылған жұмыс­тар туралы есеп берді.
– Өздеріңізге белгілі, 2021 жыл ел­дегі іргелі өзгерістермен тұспа-тұс келді. Әлеуметтік-экономикалық да­­­му­­дың жоғары деңгейіне жеткен мемлекетіміз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейлі мерекесін жар­қын жетістіктермен қарсы алды. Бұл кезең біздің ауданымыз үшін де же­місті кезең болды деп айта аламыз. Жыл ішінде ауданда түрлі іс-шаралар атқарылды. Өз кезегінде ау­­дандық мәслихат депутаттары бел­сенді еңбек етіп, халық сұранысы бо­йынша бірқатар жұмыстар жүргізді. Бірлесе атқарған жұмыс нәтижесінде ауданымызда дамудың оң динамика­сы қалыптасты, – деген Ержан Ер­тарғынұлы жасалған жұмыстарға ке­­ңінен тоқталып өтті.
Баяндама негізінде пікір білдіру үшін сөз алған аудандық мәслихат депутаты Марат Бисенов аудандық мәслихат хатшысының атқарған жұ­мы­сына өте жақсы деген баға берді.
Екінші мәселе ауданда жастар сая­сатын қолдау және жақсарту іс-ша­раларына арналды. Бұл ретте, ау­дандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Смайлов баяндама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Ахетов баяндады. Мәжіліс барысында депутаттардың қолдауымен ауданның үш жылдық бюджеті бекітіл­ді. Одан кейін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар жә­­не хал актілерін тіркеу бөлімінің бас­шы­сы М.Қаратаев мүгедектігі бар ба­­­­ла­ларды жеке оқыту жоспары бо­йынша шығындарды өтеу тәртібі мен мөл­шерін айқындау туралы баяндама жасаса, күн тәртібіндегі бесінші мәселе жергілікті органның жанындағы кон­суль­та­циялық-кеңесші орган қыз­ме­тінің нәтижелері жөнінде аудан әкі­мінің орынбасары Т.Нұртазаевтың есе­­­­бі тыңдалды.
Сессияның алтыншы мәселесі бо­­­­йынша аудандық тұрғын үй ком­му­налдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияров ау­дандық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №149 шешімінің кү­шін жою туралы түсініктеме жасады. Сондай-ақ, аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Г.Еспен­бетова аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №272 шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады.
Соңғы баяндама аудандық мәсли­хат­тың 2022 жылдың І жартыжыл­дығына арналған жұмыс жоспары жө­нінде болды. Бұл мәселе төңірегінде аудандық мәслихат аппаратының аппарат басшысы Г.Божан хабардар етті. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша депутаттар өз пікірлерін біл­дірді. Аталған мәселелерге қатысты ұсыныстар қолдау тауып, шешім жобалары бірауыздан мақұлданды.
Сессия соңында аудан әкімі М.Ер­геш­баев депутаттармен бірлесе ат­қа­рылып жатқан жұмыстардың оң нәтиже беріп келе жатқанын айтып, алдағы уақыттағы жұмыстарына сәт­тілік тіледі.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
01 қаңтар 2022 ж. 321 0