Ұлысқа ұстын ұғымдар
Елбасы ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттардан туындаған міндеттерді талқылау мақсатында партия жанынан құрылған ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері Сырдария ауданына жиналыс өткізді. Жиынға аудан әкімі М.ергешбаев, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, «Nur Otan» партиясы Республикалық Саяси кеңесінің мүшесі Б.Таңбаева, облыстық мәслихат депутаттары, р.есенов, С.Бихожаева қатысты.
Кездесуде облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, «Nur Otan» партиясы республикалық Саяси кеңесінің мүшесі Б.Таңбаева, облыстық мәслихат депутаттары Р.Есенов пен С.Бихожаева партия мүшелеріне қағидаттар жиынтығының маңызы мен алдағы уақытта атқарылар жұмыстар туралы баяндама жасады.
– Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы – жаңашыл ойлайтын, білімге құштар жас ұрпаққа арналған бағыт-бағдар. Елбасы атап өткендей, білімге деген ұмтылыс пен еңбекқорлық – барлық игіліктің кілті. Тәуелсіздік, бірлік, кең байтақ жеріміздің қадір-қасиеті, отбасылық құндылықтар, мәдениет пен білім, бәсекеге қабілеттілік туралы айтылған әрбір басымдық еліміздің қоғамдық-саяси дамуы үшін маңызды рөл атқарады. Сондықтан жеті тұғырға топтастырылған Елбасы идеясын тереңнен түсініп, туындаған міндеттерді жүзеге асыруға әрбіріміз өз үлісімізді қосуымыз қажет , – деді облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Сейтқалиұлы.
Жиын барысында облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов «Nur Otan» партиясының Сырдария аудандық филиалының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, аудандық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Нұрсейітов қағидаттар жиынтығы ұлысқа ұстын боларлық ұғымдардан құралғанын атап өтті.
Аудан әкімі «Елдіктің жеті тұғыры» идеясы Елбасының бұған дейін жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы екеніне тоқталды. Сондай-ақ, аудандық партия филиалының атқарған жұмыстары жөнінде ақпараттармен бөлісіп, ақпараттық-түсіндірме топ мүшелеріне алғысын білдірді.
– Ауданда 24 бастауыш партия ұйымы және 3 мыңға жуық партия мүшесі бар. Қағидаттар жиынтығы жарияланған күннен бастап барлық бастауыш партия ұйымының жиналыстары өткізіліп, насихаттау жұмыстары жүргізілуде. «Nur Otan» партиясы бұл миссияны ерекше жауапкершілікпен орындап, елеулі табысқа жететініне сенімдімін, – деді аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.
Атап өту керек, кездесуде Елбасы үндеуі жөнінде аудандық мәслихат депутаттары Е.Жақып, Б.Есназар, З.Жаманқұлов, Ғ.Жаңабаева, А.Ибрагимұлы пікір білдірді.
А.СЕЙІЛОВ