Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетекші партия мүшелігіне қабылданды

Жетекші партия мүшелігіне қабылданды

«Nur Otan» партиясы аудан­дық филиал төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай сала маманда­рымен кездесу өткізді. Кездесуде жетекші партияның мүшелігіне өткен жастарға арнайы билет тапсырды.
«Nur Otan» партиясының мүшелігіне өткен жастар қатарында аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйкерім Мешітбаева, мемлекеттік сатып алу бөлімінің сектор меңгерушісі Алмас Жұманов, Қалжан ахун ауылдық округі әкімі аппаратының әдіскері Ақмарал Әбілда, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Балтабай Ордабеков бар. Белсенді жастарға партиялық билетпен қатар, туған жер жайында жазылған кі­таптар табыс етілді.
– «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдар­ламасы негізінде ауданда бірқатар жобалар жүзеге асуда. Мемлекеттің негізгі құрылымдарының бірі еліміздің тұрақтылығын сақтау екені мәлім. Жетекші партия қазіргі таңда саяси рефорларға үн қосып, еліміздің өркендеуіне үн қосуда. Өз кезегінде Ел­басы­ Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынған болатын. Аталған жиынтық зиялы қауым өкілдері мен жалпы қоғам мүшелерінің қолдауына ие болды. Өздеріңізге белгілі, «Nur Otan» партиясы жаңашылдықтарға бұтбұрыс жасап, жас көшбасыларға мүмкіндік беруде. Сіздерді Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықмаймын! Партия қатарына қосылған жастар жұмысына табыс тілеймін, – деді «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып.
Айта кетейік, жиын барысында бірқатар азаматтар мерекелік марапатқа ие болды.

«ТТ» ақпарат
01 желтоқсан 2021 ж. 232 0