Партия қатары толықты
Мерекеге толы наурыз айының алғашқы күні нұротандықтар үшін ерекше мәні бар. Өйткені 1 наурыз – Nur Otan партиясының құрылған күні. Яғни осыдан 21 жыл бұрын жетекші партия құрылып, бүгінде елдің саяси күшіне айналып отыр.
Мереке қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелер қабылданды. Салтанатты жиынға аудан әкімі, Nur Otan партиясы аудандық филиал төрағасы Руслан Рүстемов қатысып, жетекші партияның жетістіктеріне тоқталды. Партияның аудандық филиал төрағасы қазіргі таңда азаматтардың мәселелерін шешуде партияның белсенді екенін айта келе, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ партия тарихы жайлы сөз қозғап, партия қатарына қосылу үлкен жауапкершілікті жүктейтінін айтты. Жиын барысында бірқатар сырдариялықтарға партиялық билет табыс етіп, зор сенім артты.
Салтанатты шарада партия қатарына қосылған азаматтар өздерінің алғыстарын білдіріп, сенім үдесінен шығуға еңбек ететіндіктерін жеткізді.

«ТТ» ақпарат