Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Төраға сайланды

Төраға сайланды

Алдыңғы толқын ардагерлердің ке­йін­гі жас ұрпаққа берер үлгі өне­гесі мол. Жастар аға буынға қарап өседі, сап түзейді. Кент ардагерлер кеңесІ төрағасының орны біраздан бері бос тұрған болатын. Қоғамдық ұйымдардың басын біріктіріп отыр­ған «Достық» үйінде жоғарыда атал­­ған орынға үміткер ұсынуға ар­нал­ған басқосу өтті. Оған кент ардагерлер кеңесі алқасының 6 мүшесі жә­не 26 бастауыш ұйымнан 20 ұйым төр­ағасы қатысып, өз таңдауларын жасады.
Жиналыстың күн тәртібі, регламенті бекітілген соң аудан­дық ардагерлер ке­ңе­сінің төрағасы М.Келдібаев хабарлама жасап, Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің тө­рағалығына осыған дейін тө­рағаның орынбасары болған Зайдағали Жүсіп­байұлының кан­дидатурасын ұсын­ды. Бұл бойынша ұсынылған үміткерді талқылау үшін жарыссөзге шы­ғып сөй­­ле­ген бас­тауыш ұйым төрағалары Ә.Масилова, Б.Мұсағұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Айсин, кент әкі­мінің орынбасары Ғ.Нұртазаев, кент ардагерлер кеңесінің мүшелері С.Тобағұлов, Ж.Жансейітова Зайдағали Жүсіпбайұлының тәжірибесі мол, халықпен етене араласып тіл табыса алатын, қоғамда өз орны бар азамат, кезінде халық депутаттары Құндызды ауылдық кеңесінің төрағасы, ау­дандық коммуналдық шаруашылық ме­ке­месінің басшысы ретінде тиісті проб­лемалық мәселелерді жоғары тұрған ор­ган­дардың алдына қоя білетін іскер басшы болғандығын айтып, оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.
Зайдағали Жүсіпбайұлы 1953 жылы 23 қыркүйекте бұ­рынғы Тереңөзек ауданы, Құндызды ауылдық кеңесінде дү­ниеге келген. Орта мектеп бітіргеннен кейін әскер қа­тарына шақырылып, аза­маттық борышын өтеген. Одан соң Қы­зылор­да қаласындағы политехникумда техник-гидротехнмк ма­ман­дығы бойынша білім алды. 1978-1981 жыл­дары Терең­өзек ХРСУ мекемесінде шебер, прораб болып жұмыс жасады. Мұнан соң көп жыл шаруашылықта өндіріс бригадирі, Құндызды ауылдық кеңесінің төрағасы, «Үлгі» шаруашылығының төра­ғасы болып жемісті еңбек етті. 2016 жылы еңбек демалысына шыққанға дейін «Қайнар» МКК мекемесі директорының орын­басары болды.
Ашық дауыс берудің нәтижесі бойынша Тереңөзек кенті ардагерлер төрағасы болып З.Жүсіпбайұлы бірауыздан сайланды.

Шаһарбек Н(РСЕЙ№ТОВ(ЛЫ
07 қараша 2021 ж. 297 0