Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы тағайындалды
Облыс әкімінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі өкімімен Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі Қызылорда облысы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды.
Қуаныш Қуантқанұлы 1982 жылы дүниеге келген.
2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің іс тіркеушісі ретінде бастаған.
2007-2013 жылдары - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, 2013 - 2014 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы,
2014 - 2016 жылдары - Арал ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.
2016-2018 жылдары - Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2018-2020 жылдары Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып жауапты қызметтерін атқарған.
2020 жылдың наурыз айынан осы кезге дейін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.