Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалжан ахун ауылдық округінің әкімі сайланды

Қалжан ахун ауылдық округінің әкімі сайланды

Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша "Nur Otan" партиясынан ұсынылған кандидат Акбаров Ғалымжан Науретұлы Қалжан Ахун ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.

Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев ауылдық округтің әкімін ауылдық округ тұрғындарына таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Акбаров Ғалымжан Науретұлы 1974 жылдың 25 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылында дүниеге келген.

1994 жылдың күзінде Қызылорда тәуелсіз «Сейхун» институтына түсіп, аталған институтты қаржы және несие мамандығы бойынша 1998 жылы бітіріп шықты.

1999 жылдың 28 маусымында «БАК»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қоғамдық жұмыс атқарды.
1999 жылдың 19 қазанында аудандық қаржы бөліміне 1 категориялы маман қызметіне орналасты.
2000 жылдың 21 сәуірде бастап аудандық қаржы бөліміне маман қызметіне ауысты.
2002 жылдың 1 ақпанынан бастап аудандық қаржы бөлімі қызметке ауысу тәртібімен жетекші маманы қызметіне ауысты.
2003 жылдың 4 мамырдан бастап аудандық қаржы бөлімі жергілікті мемлекеттік басқару және құқық қорғау органдарын қаржыландыру жөніндегі жетекші маманы қызметіне ауысты.

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы қызметіне ауысты.

2006 жылдың 4 қаңтарынан бастап аудандық қаржы бөлімінің бас маманы қызметіне ауысты.

2006 жылдың 16 мамырында аудандық қаржы бөлімі бюджеттің орындалуын жүзеге асыру бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

2007 жылдың 20 ақпанында аудандық қаржы бөлімінің бас маманы қызметіне ауысты.

2008 жылдың 20 тамызында Сырдария ауданы бойынша салық басқармасының жетекші маманы қызметіне ауысты.

2010 жылдың 27 тамызында Сырдария ауданы бойынша салық басқармасының ақпаратты қабылдау және өңдеу бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

2010 жылдың 1 қарашасында Сырдария ауданы бойынша салық басқармасының тіркеу, ақпаратты қабылдау, өңдеу және ақпараттық технология орталығы бөлімінің бастығы қызметіне ауысты.

2011 жылдың 21 маусымынан 2012 жылдың 20 ақпанына дейін «САҚ Құрылыс ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшісі болып қызмет атқарды.

2012 жылдың 6 сәуірінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің инспекторы қызметіне орналасты.
2012 жылдың 1 тамызында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман-есепші қызметіне тағайындалды.
2014 жылдың 4 қыркүйегінде аудандық қаржы бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалды.

2017 жылдың 23 мамырында Қалжан ахун ауылдық округі әкімі қызметіне тағайындалды.

2018 жылдың 18 қаңтарында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы қызметіне тағайындалды.

2018 жылдың 29 қазанында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы қызметін қызметіне тағайындалды.

2021 жылдың 01 қазанынан бастап осы кезге дейін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі
Жанұялы, үш қыз, екі ұлы бар.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
27 қазан 2021 ж. 395 0