Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық үніне құлақ асатын жаңа жүйе

Халық үніне құлақ асатын жаңа жүйе

Мемлекет басшысының 2020 жылы 29 маусымда қол қойған ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Жаңа Кодекс 2019 жылғы 2 қыр­күйектегі ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқы­на арнаған Жолдауында кеңінен ай­тылған «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұжырымдамасының іргелі нор­мативтік құжаты болып табылады.

Сонымен қатар Кодекс талаптарына сәйкес, өтініштерді қарауды жетілдіру мақсатында «Е-Өтініш» ақпараттық жү­йесі іске қосылмақ.

Бүгінде аудан бойынша Кодекс талаптарын түсіндіру бағытында мемлекеттік әкімшілік қызметшілер құқықтық оқу­дан өтті және жаңа ақпараттық жү­йеге жергілікті атқарушы органдар то­лығымен қосылып, өтініштерді өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ақ­параттық қолдаудың медиа-жоспары бекітіліп, әкімдіктің интернет-ресурсы мен аудандық «Тіршілік тынысы» га­зетінде «Тыңдаушы мемлекет» айдары ашылды.
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі – бұл өтінішті қараудың бүкіл тарихы, яғни қабылданған шешімдер сақталатын бір­тұтас база, ол барлық мемлекеттік жә­не сот органдарына, сонымен қатар өтініш берушілерге де қолжетімді болады. 1 шілдеден бастап кезең-кезеңімен жүзеге асатын жаңа жүйе – азаматтар өтінішіне сапалы жауап беру арқылы халық пен билік арасындағы тиімді құ­ралға айналмақ.

Абзал ҰЗАҚБАЕВ,
аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы
22 маусым 2021 ж. 394 0