Жол картасында 90 іс-шара қамтылған
Аудандық партия филиалының мәжіліс залында Сырдария аудандық партия филиалының Саяси Кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырысты аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Талғат Тұрсынұлы Дүйсебаев ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту мәселесі қаралды. Аталмыш мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақыптың хабарламасын бюро мүшелері тыңдап, бірауыздан мақұлдады.
Жол картасы 90 іс-шара, 17 көрсеткіштен құралып, 2025 жылға дейінгі ауданның негізгі даму көрсеткіштері енген. Сонымен қатар, жол картасының әрбір бағыты бойынша тиісті салалық бөлімдер және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері бекітілген.