Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділет: Табиғатты қорғау – ортақ міндет

Әділет: Табиғатты қорғау – ортақ міндет

«Әділет» партиясы Сырдария аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу өткізілді. Кездесуге мекеме қызметкерлері, бастауыш партия ұйымының мүшелері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Басқосуда «Әділет» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ақтөре Ибрагимұлы Сыр өңірінің орман және жануарлар дүниесі еліміздің баға жетпес табиғи байлығы екенін атап өтті. Сондай-ақ табиғи ресурстарды сақтау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

– Орман қорын сақтау, ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу, жасыл желек алқаптарын көбейту және жануарлар дүниесін қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі әрі нәтижелі жүргізілуі тиіс. Сыр өңірінің табиғи байлығы – келер ұрпаққа қалдырар асыл мұрамыз. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру баршамызға ортақ міндет болуы қажет. «Әділет» партиясы да өз қызметінде табиғатты қорғау, қоғамдық жауапкершілікті арттыру және ел игілігіне бағытталған бастамаларды қолдауға ерекше мән береді. Партияның негізгі мақсаты – қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет ету, әділдік қағидаттарын нығайту және азаматтардың ортақ іске деген жауапкершілігін арттыру. Осы ретте табиғат байлықтарын сақтау мәселесі де қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Біз қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, табиғи мұрамызды қорғау жолында бірлесе әрекет етуіміз керек. Өйткені табиғатты аялау – болашаққа деген қамқорлықтың айқын көрінісі, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Кездесу барысында орман қорын сақтау, жабайы жануарларды қорғау, заңсыз аң аулаудың алдын алу және табиғи байлықтарды келер ұрпаққа аманат ету мәселелері сөз болды. Сонымен қатар табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды жетілдіру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және қоғамның қоршаған ортаға деген жанашырлығын күшейту жөнінде пікірлер айтылды.

Аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы Болатбек Ұлтанбекұлы өз сөзінде табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, орман қорын сақтау, жануарлар дүниесін қорғау және табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғатқа жанашырлықпен қарау және экологиялық талаптардың сақталуы қоғамның тұрақты дамуы үшін айрықша мәнге ие екенін жеткізді. Ол табиғи мұраны сақтау жолында мекеме қызметкерлерінің жауапкершілігі жоғары екенін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың қажеттігін атап өтті.
16 қазан 2026 ж. 76 0