Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сессия онлайн форматта өтті

Сессия онлайн форматта өтті

Сырдария аудандық мәслихатының кезекті 50-сессиясы бейне-конференциялық байланыс ар­қы­лы онлайн форматта өтті. Сессия жұмысына депу­таттардан бөлек аудан әкімі Р.Рүстемов, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бө­лім басшылары мен БАҚ өкілдері скайп желісі арқылы қатысты.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов әлемді алаңдатқан қауіпті індетке байланысты кезекті сессияның қашықтан өткізіліп жатқанын айтты. Бұл жиналыстың өту барысына кедергі келтірмейтінін атап өтіп, індетпен күресте тәртіп пен талапқа бағынудың маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ сессияның күн тәртібімін таныстырып, баяндамашыларға қысқа әрі нұсқа баяндау қажеттігін ескертті.
Сессия күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2019 жылға арналған аудандық және кент пен ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Есмағамбетова баяндама жасады. Сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының комиссия мүшесі Т.Ильясов тексеру комиссиясының 2018 жылға арналған Сырдария ауданының бюджетінің атқарылуы туралы есебін жария етті. Мұнан бөлек «2016-2020 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасын» іске асыру туралы және ауданды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі Ғ.Акбаров баяндама жасады. Бұл бойынша аудандық мәслихат депутаттарының және ауыл әкімдерінің ұсынысы тыңдалды.
Кезекті 50-сессияда «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөл­шерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санат­тарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №123 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімінің басшысы Ғ.Садықов түсініктеме берді. Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы айтты. Ал аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді және жайылымдарды қажетті  тиімділік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында жерді оңтайлы пайда­лану жайында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Омаров баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, баяндамашылар тыңдалып болғаннан кейін аудан әкімі Р.Рүстемов сөз сөйледі. Аудан басшысы коронавирус індетінің қауіптілігін айтып, аудандағы ахуалмен бөлісті. Сондай-ақ мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсеткен облыстық мәслихат депутаты Расул Есеновке және аудандық мәслихаттағы Nur Otan партиясының депутаттық фракцияның бірқатар мүшелеріне алғыс айтты.
– Елдегі қатерлі індетпен күресте барлық азаматтық қоғамдар да өз үлестерін қосуда. Еріктілер белсенділік танытып, түрлі қайырымдылық акциялары арқылы көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, антисептикалық құралдар, бетперде таратып, көмек көрсетуде. Ауданда еріктілер тобымен «Біз біргеміз» акциясы аясында түрлі қолдау шаралары ұйымдастырылуда. Осы ретте облыстық мәслихат депутаты Расул Әбутәліпұлы, аудандық мәслихат депуттары Дархан Жұмашұлы, Марат Алдабергенұлы, Сейткамал Абзалұлы аз қамтылған отбасыларға тегін азық-түлікпен, бетперделер, блок бекеттерге дене қызуын өлшейтін құрылғымен және арнайы қорғаныс киімдерімен қамтып, көмек көрсетіп келеді. Әрине елдегі ерекше кезең әлеуметтік жауапкершілігімізді сезінетін жауапты сәт деп білеміз. Осы орайда Сіздерге аудан жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін, – деді аудан басшысы.
Осылайша, маңызды мәселелер қаралып, ұсыныс-пікірлер сараланып, шешім қабылданды. Сондай-ақ алда өтетін сессияның төрағасы ретінде аудандық мәслихат депутаты Е.Жақыпов сайланды.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
18 сәуір 2020 ж. 518 0