ӨМІРДІҢ ЕҢ ТӘТТІ КЕЗЕҢІ
Кез келген адам баласының өмір айдынындағы ең тәтті кезеңі – балалық шағы. Өйткені, кімнен болсын «Ең бақытты кезің қай кез еді?» деп сұрасаңыз, ол адам алдымен ойланады, сосын жымиып күледі де «Әрине, балалық шағым» дейді. Бала кездегі қатар құрбыңды кездестіріп, өткенді еске алсаң, сергіп қаласың.
Үлкен мұхиттай тұнық өмірдің шағын ғана бір бөлігі қанша тамаша сәттерге толы. Бұл уақыт кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатады. Ең өкініштісі – балалық шақтың қайтып келмейтіні және сол сәттердің қайталанбасын бала кезіңде сезінбегенің.
Таң атқаннан үйден шығып, ауыл аралап, ойын ойнап қара кештің түскенінде білмей қалатын кездер-ай. Кешқұрым үйге ентелей жүгіріп, құдды бір тас шапқандай шаршап ораласың. Бір үйдің бес-алты қара домалақтары кешкі ас үстінде әке мен ананың қызықты әңгімелерін тыңдап, мәре-сәре боласың. Балалық ойынның қызу алаңы әсіресе жаз айларында басталатын еді. Көл біткеннің бәрін жағалап, бетің қараторы болып жарылғанша жүре бересің. Бүгінгідей сансыз арнадағы кино, компьютер мен ұялы телефондағы, ғаламтордағы түрлі ақпарат болмаса да көңіл тоқ еді. Әжеміздің айтқан түрлі-түрлі қиял-ғажайып ертегілері біздерді біраз армандарға жетеледі. Сол ертегілердегі армандармен қанат қақтық десек артық айтқандық болмас.
Балалық шақ – ұмытылмас бал күндер. Сондай бал күндерді бейбіт елде өткізіп жатқан біздер шынымен де бақыттымыз. Еш уайым-қайғысыз, өмірдің ащы-тұщы сәтсіздіктерінен бейхабар болып өстік. Қазір сол сәттерді сағына да аңсай еске аламыз. Өйткені, адамның адам болып қалыптасуына балалық шағының қалай өткені де әсер етеді. Дүниеге келген әрбір бала бақытты балалықты басынан өткізуі шарт. Әр нәрсені армандап, жаңалық атаулының бәріне қызығып жүрген ертеңгі күннен тек жақсылық күткен балалық шақ – ең қымбатты өзің екенсің!

Айгерім ҚАНЖАРБАЕВА,
ҚМУ-дың ІІ курс студенті
ҚМУ-дың ІІ курс студенті