«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбындағы Жолдауын талқылап, оны жүзеге асыру тетіктерін қарастырды

Өз кезегінде партия филиалының Атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы Жолдау елді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңғыртуға, бәсекеге қабілеттілік пен халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, жаңа сын-қатерлердің алдын алуға және дамудың жаңа бағыттарын айқындауға арналғанын айтты.
– Мемлекет басшысының сенімді саяси тірегіне, қоғамдық бастамалардың ұйытқысына айналған «AMANAT» партиясы әр Жолдауға ерекше мән береді. Биыл да партия жаңа іс-шаралар жоспарын нақтылап, депутаттық корпус пен бастауыш партия ұйымдары Президент бастамаларына қолдау көрсетуді жалғастыратын болады. Оның үстіне Президент өз сөзінде «AMANAT» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру керектігін айтты. Мемлекет басшысы әсіресе азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына жеке тоқталды. Президенттің айтуынша, бұл бағытта «AMANAT» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын одан әрі жалғастыру қажет. Былтыр жоба аясында аудан бойынша 920 адамның қаржылық сауаттылығын арттыру жоспарланып, І кезеңде 505 азамат, ІІ кезеңде 424 адам оқумен қамтылып, жоспар артығымен орындалды. Биыл қаржылық қиындығы бар азаматтарда оқыту үшін арнайы санаттағы 1237 адамның тізімі нақтыланды. Жобаның басты ерекшелігі, биылдан бастап несиелік берешегі 90 күннен асқан азаматтар ғана оқумен қамтылады, тегін кеңес алады. Бұл бағыттағы жұмыстарды «AMANAT» партиясы аудандық филиалы аудан әкімдігімен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, Отбасын қолдау орталығымен, кент және ауылдық округтердегі жобаға жауапты мамандармен бірлесе жүзеге асыруда. Қазірдің өзінде 587 азаматтың несие тарихы заңгерлердің қарауына алынды, күн сайын құқықтық кеңестер беру жұмысы бірыңғай байланыс орталығы арқылы жалғасуда. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында азаматтардың қаржылық біліктілігін арттырумен қатар, қарызын заң аясында реттеуге, яғни қарызын қайта құрылымдау, аресттен шешу, банкроттыққа тапсыру секілді құқықтық көмектер көрсетілуде және бұл қызметтердің барлығы ақысыз, тегін негізде жүргізілуде, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.
Жиын барысында БПҰ мүшелері Президент жолдауының басым бағыттары туралы өз ойларымен бөлісті.