Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 280 пәтерлік 7 тұрғын үй иелеріне табысталды

Қызылордада 280 пәтерлік 7 тұрғын үй иелеріне табысталды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен сол жағалаудан бой көтерген, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған 280 пәтерлік 7 тұрғын үйді иелеріне табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты, деп жазады Kyzylorda-news.kz .

«Биыл ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауының қайтарылғанына, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, бұл мереке кең көлемде аталып өтуде.

Мемлекет басшысының қолдауымен мерейлі жыл аясында аймағымызда сәулеті келіскен, әсем де заманауи ғимараттар бой көтеріп, саябақтар мен аллеялар қайта жаңғыртылып, жолдарымыз кеңейіп келеді.

Бүгін жерлестеріміздің баспаналы болу қуанышына ортақтасып, пәтер кілтін табыстау рәсіміне жиналдық.

Аймағымызда халқымыздың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.
Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер (5148) сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады.

Аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ге жуық пәтер табысталды.

Аймағымыздың ажарын айшықтап, сәулетіне сән қосатын, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін құрылыс индустриясын дамытуда құрылысшыларымыздың үлесі орасан зор. Баспаналы болу әрбір отбасыны жақсылыққа жетелейді. Қоныстарыңыз құтты болсын!», – деді Н.Нәлібаев.

17 қыркүйек 2025 ж. 213 0