Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Р. көп қабатты үйдің ауласында темекі шегіп, оның қалдығын арнайы қоқыс жәшігіне тастамай, белгіленбеген жерге тастап, ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған.

Құқық бұзушы Р.-нің іс-әрекеті оның түсінігімен және іске тіркелген құжаттармен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Р. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 30275 теңге айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Н. Нұржаубай
28 шілде 2026 ж. 65 0