Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Сот құқықбұзушыға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салды

Сот құқықбұзушыға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азаматша.

Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Ж. 21.11.2024 жылы сағат 16:00 шамасында қоғамдық орында, яғни Тереңөзек кенті, А.Иманов көшесі бойында орналасқан білім бөлімінің ғимаратының ауласында азаматша І-ге былапыт сөйлеп ар-намысына тиетін сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушының ұсақ бұзақылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 51 688 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.

Сырдария аудандық соты
Фото: Аstana.sud.kz.
27 қараша 2024 ж. 377 0