Әкімшілік қамаққа алынды
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша азамат Ғ.-на қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат Ғ. көлік кұралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, көлік құралын басқарған.
Іс құжаттарына сәйкес, Ғ. 2021 жылы сот қаулысымен жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Сонымен қатар, 2023 жылы сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынған. Алайда, Ғ. осы тектес құқық бұзушылықты қайта жасаған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, іс құжаттарымен бекітілген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Ғ. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Сырдария аудандық соты
Фото: Н. Нұржаубай








