Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы С. 22 сағат 00 минут шамасында Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Керейтбаев пен С.Усабаев көшелерінің қиылысында темекі тұқылын жерге тастап, ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған.

Құқық бұзушы С.-нің іс-әрекеті оның түсінігімен және іске тіркелген құжаттармен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 27524 теңге айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты
29 желтоқсан 2025 ж. 52 0