Сексеуілді заңсыз кескені үшін жауаптылыққа тартылды
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. 2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 11:30 шамасында орман қорына кіретін Сырдария ауданында орналасқан Ақтөбе орманшылығының 104-ші орамы 4-ші телімінен кесуге тыйым салынған 2,4 текше метр сексеуіл ағаштарын темір лом құралын қолдану арқылы сындырып, «ЗИЛ-131» маркалы көлігіне тиеген, мемлекетке 47 184 теңге зиян келтірген.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 381-1 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған салынған айыппұлдың жалпы сомасын 30 пайызға қысқартып, 275 240 теңге айыппұл салынды және әкімшілік құқық бұзушылық әрекетінен мемлекетке келтірілген 47 184 теңге зиян мемлекет пайдасына өндірілді.
Сырдария аудандық соты







