Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасы жауапкершілікке тартылды

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасы жауапкершілікке тартылды

Сырдария аудандық сотында азаматша Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабы 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Ж. кәмелетке толмаған баласының заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен кейін жүруіне жол беріп, бұл әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен азаматша Ж. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 829-11 бабының 2-бөлігі басшылыққа алынып, 19 267 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
21 мамыр 2025 ж. 339 0