Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мен ащы шындықпын

Мен ащы шындықпын

Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғыны, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақтияр Мырзаш аударма жанры бойынша қалам тербеп жүргеніне бірнеше жыл болды. Оның әрбір шығармашылық еңбегі оқырман сұранысына ие. Бұл жолы газеттің тұрақты авторының шығыс даналығынан аударған ғибратты сөздерін көпшілікке ұсынамыз.

Біреулер бар: Сені арқаңнан сипап отырады. Бірақ олар сипап отырған жоқ. Шын мәңінде олар өздерінің арам ойын сенің үстіңе сүртіп отыр. Мұны екіжүзділік дейді.
****

Өмір өлімнен сұрапты: – Адамдар мені неге қатты жақсы көреді, ал сен туралы тіпті ойлағысы да келмейді?
– Себебі сен тәтті өтіріксің, ал мен ащы шындықпын.

****

Үш нәрсе кері қайтып келмейді. Уақыт, айтылған сөз, мүмкіндік.
Үш нәрсені жоғалтушы болма: сабыр, үміт, абырой.
Үш нәрсенің құнын біл: махаббат, көзің жеткен тұжырым, сенім.
Үш нәрсе сенің қандай адам екеніңді айқындайды: еңбек, адалдық, жетістік.
Үш нәрсе адамды бұзады: іш тарлық, менмендік, қатыгездік.
Үш нәрсені адамдар айтуға қиналады: Мен сені жақсы көрем, кешірім сұрау, және көмек сұрау.

****

Ертеде Шығыс елдерінің бірінде бір бақуатты жас мырза үйіне қызметші әйел іздеп базарға барыпты. Базарға келгеннен кейін шеттеу тұрған екі әйелді көреді. Оның бірі – үстіне жібек көйлек киген жас сұлу еді. Ал екіншісі – жасамыс, жоқ-жұқаналау қарапайым әйел болатын. Бұл әйел қолындағы жал­ғыз тиынына не алып жейтінін біл­мей, бір қолынан бір қолына ауыс­тырып тұрды. Жас, сұлу келіншек бұларға қарап тұрған мырзаны көріп қалып, үйінің қыз­метшілігіне мені алса екен деп тіледі. Ол қасындағы жасамыс әйелге жеккөрінішті көзбен қарады да, қызметке өзін алатынына сенімді болды. Осы кезде арып-ашқан, тек сүлдері қалған, бір мысық келіп сұлу қыздың аяғына оралып, мияулап тамақ сұраған кейіп танытты. Сұлу қыз жас мырзадан көзін айырмаған күйі, мысықты аяғымен бір жағы­на қарай ысырып тастады. Сол кезде жасамыс әйел еңкейіп мысықты көтеріп алды. Қасында тұрған жас мырзаға қараған да жоқ. Қолындағы соңғы тиынын жұмсап сүт сатып алды. Сөйтіп бір тізерлеп отырып әлгі мысыққа сүтті ішкізді. Мысық сүтке құныға бас қойып сылпылдатып іше бастады. Бір кезде тойған болу керек. Рахаттана дыбыс шығарды. Әйел қалған сүтті өзі ішіп тауысты да, сүт сатушыға ыдысын қайтарып берді. Мысық әлі бұл әйелдің қолында еді. Сүтке тойып алған ол – рахаттана пыр-пыр етеді. Жас мырза бұның бәрін көріп тұрғаны байқалады. Содан кейін ол жасамыс әйелге жақындап келді де, үйінде жұмыс бар екенін айтты.

– Мен сізді үй қызметшісі етіп жұмысқа аламын. Мысы­ғыңыз­бен келсеңіз де болады. Сөйтті де үйді қалай табуға болатынын түсіндірді. Содан соң бұрылып кете барды. Ал, жас сұлу келіншек бұны естіп ашудан қып-қызыл болып кетті. Ол мырзаның соңынан қуып жетіп, оның жас сұлу әйел тұрғанда, неге кәртамыс әйелді жұмысқа алғанын сұрады. Мырза оған былай деп жауап берді:

– Сенің сұлулығың – Құдайдың берген сұлулығы. Бірақ бұл аз. Енді саған бұдан да сұлу болуды үйрену керек. Ал мен нағыз жаны сұлу адамды таңдадым. Сұлу қыз бұл сөздердің мағынасына терең бойлай алмады. Ал жас мырза үйіне келгеннен соң дәптерге былай деп жазды: «Сұлулық – тек сұлу болып туу ғана емес, сұлу болуға ұмтылу да керек. Егер ішкі дүниең сұлу болмаса, ешқандай сұлулық жан-дүниеңнің сұлулығына жетпейді». Бұл жас мырза – болашақ ұлы ақын Омар Хайам еді.

Бақтияр МЫРЗАШ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Фото: Ашық дереккөзден

05 шілде 2025 ж. 231 0