Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » СЕНІҢ ҰЗАТУ ТОЙЫҢДА

СЕНІҢ ҰЗАТУ ТОЙЫҢДА

Сенің ұзату тойыңда,
шырқалды мен сөзін жазған ән.
Сол сәтте сенің ойыңда,
мен тұрдым сені қызғанған.
Сенің ұзату тойыңда,
ақ жауын жауды құйылып.
Сол сәтте сенің ойыңда,
мен тұрдым ісіп, күйініп.
Сенің ұзату тойыңда,
бұлт торлап алды аспанды.
Сол кезде сенің ойыңда,
мен тұрдым жырлар дастанды.
Сенің ұзату тойыңда,
күлмеді жұрттар жарқырап.
Сол кезде сенің ойыңда,
мен тұрдым білем арқырап.
Сенің ұзату тойыңда,
сезілді жұртқа салқын үн.
Сол күні сенің ойыңда,
мен тұрдым, білем жарқыным!
Сенің ұзату тойыңда,
шырқалды мен сөзің жазған ән.
Сол сәтте сенің ойыңда,
мен тұрдым сені қызғанған...

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
ақын

08 тамыз 2019 ж. 1 166 0