Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мал ашуы – жан ашуы

Мал ашуы – жан ашуы

2020 жылы күшіне енген «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыс­тық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жә­не жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, мал ұрлығына қатысты жаза барынша қатаңдатылды.

Осы заң аясында Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Қылмыстық кодексіне арнайы 188-1-бап енгізіліп, бөтеннің малын ұрлағандардың мүлкі тәркі­леніп, үш мың айлық есептiк көр­сеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұ­мыстарына, не бес жылға дейiнгі мер­зімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айы­руға жазаланатыны айқындалды. Бұл өзгерістер «Мал ашуы – жан ашуы» дейтін халықтың көкейін дөп басқандай болды. Себебі жәбірлену­шілердің барымташыларға кешірім беруі мал ұрлығының санын арттыр­ғаны жасырын емес.

Сотта қаралған істердің тәжіри­бесінде жәбірленушілердің сотталу­шы­ларға әлі де кешірім беру жағ­дайлары кездеседі. Алайда мал ұр­­лығын жасағандар жәбірлену­ші­лер­мен бітімге келіп, жазадан сытылып кете алмайды. Тиісті түрде жазасын алады. Ал бұл өз кезегінде мал ұрлығының азаюына үлес қосады деген сенімдеміз.

Қызылорда облысы Сырдария ау­дандық сотында Қазақстан Рес­публикасының Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзу­шылықты, яғни мал ұрлығын жасағаны үшін айыпталған Н-ға қатысты қыл­мыстық іс қаралды.

Сотталушы Н. 2022 жылдың нау­рыз айының 11-нен 12-не қараған түнгі уақытта біреудің үйінің ауласына заңсыз кіріп, аулада орналасқан мал қораға барып, онда тұрған қойды жасырын түрде жымқырған. Сотталушының қылмыстық құқық бұ­зушылық әрекетінің нәтижесінде жә­бірленуші Б-ға барлығы 50 000 теңге мүліктік шығын келтірілген.

Басты сот талқылауында сотталушы Н. өз кінәсін толықтай мойындап, әрекетіне шын жүректен өкініп, өзінің ұрлаған малын жәбірленушіге қайтарып бергенін, келтірген шығын­ның есесін толтырғанын көрсетті.
Жәбірленуші Б. бүгінгі күні малы өзіне қайтарылғанын, сотталушыға қоя­тын талап-тілегінің жоқтығын, оған кешірім беретінін көрсетіп, бас бос­тандығынан айырмайтын жаза та­ға­йындауды сұрады.

ҚК-нің 53-бабының талабына сай, сотталушы Н-ға жаза таға­йын­дағанда сот оның кінәсін толық­тай мойындап, шын жүректен өкінуін, бұрын сотты болмағанын, жә­бірле­нушіге келтірілген мүліктік залалды қайтарылғаны, жәбірленушінің ке­шірім беруі жазасын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Сонымен бірге ҚК-нің 52-бабына сәйкес сотталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жай­­ларын, ауырлататын мән-жай­лар­­дың жоқтығын, жасаған қыл­мы­­сының сипаты мен қоғамдық қа­­уіптілік дәрежесін, жаза тән азабын шектеуді немесе адамның қадір-қа­сиетін қорлауды мақсат етпейтінін, жазаның бұл түрі оның түзелуіне және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін жеткілікті, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алады деп ескерді. Сонымен қатар тергеп-тексеру органы сотталушының меншігіндегі қылмыстық жолмен та­былған не қылмыстық жолмен та­былған қаражатқа сатып алынған мү­лікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті анық­тамауына байланысты жеке мүлкі тәркіленусіз, оны қоғамнан оқ­шауламастан түзелуі мен қайта тәр­биеленуіне мүмкіншілік бар деп есептеп, оның түзелуіне мүмкіндік берді. ОГны бас бостандығынан айырмай, ҚК-нің 63-бабын қолданып, сотталушыға тағайындалған жазаны шартты деп санап, оның мінез-құлқымен түзелгенін дәлелдеуге тиісті тағайындалған жазаның барлық мер­зіміне пробациялық бақылау бел­гілеген жөн деген тұжырымға келді.

Сот үкімімен сотталушы Н. ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзу­шылықты жасағаны үшін «кінәлі» деп танылып, оған осы бап бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептелді және 5 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.







Р.Алдамбергенов,
Сырдария аудандық
сотының төрағасы
04 мамыр 2022 ж. 605 0