Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-1-бабы бойынша іс медиация тәртібімен аяқталды

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-1-бабы бойынша іс медиация тәртібімен аяқталды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-1-бабының 1-бөлігімен азамат Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат Қ. зайыбы Ж-ны ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтiрген. Сот отырысында қылмыстық теріс қылықты жасаған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқандығын көрсетті. ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты Қ. қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс жүргізу тоқтатылды.

Сотта оған тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін бір жыл ішінде ҚК 108-1 және 109-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайталап жасаса әрекетіне сай жаза қолданатындығы қатаң ескертілді.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
12 тамыз 2024 ж. 500 0