Дауды шешудің ең қолайлы тәсілі - медиация

Сырдария аудандық сотымен азаматтар арасында медиацияның тиімділігін кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Сот отырысын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы жан-жақты түсіндіріледі.
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат А-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Азамат А. өзінің некедегі зайыбын балағаттап,ар-намысына тиетін сөздер айтып, сыйламаушылық білдіріп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Жәбірленуші құқық бұзушыға кешірім бергенін айтып, өзара медиация тәртібінде татуласуларына байланысты әкімшілік істі тоқтатуды сұрады.
Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша азамат А.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі