Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам дерті
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігімен азамат М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Азамат М. әйелін себепсіз ұрып, тән ауруына ұшыратып, денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу әрекеттерiн жасаған.
Сот отырысында қылмыстық теріс қылықты жасаған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқандығын көрсетті. ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты М. қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс жүргізу тоқтатылды. Сотта оған тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін бір жыл ішінде ҚК 108-1 және 109-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайталап жасаса әрекетіне сай жаза қолданатындығы қатаң ескертілді.
2024 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданып, бүгінгі күні заңды күшіне енді.
Бұған дейін денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылық болып саналса, еңгізілген өзгерістерден кейін қылмыстық құқық бұзушылықтары ретінде бағаланады, ал денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіру қылмыстары үшін жауаптылық қатаңдатылып отыр.
Сырдария аудандық соты
Фото:ашық дереккөзден