Көше тұрғындарының татулығы

Асқар ауылының атақты күрішшісі соғыс ардагері Б.Жақып атындағы көше кенттің Жаңа қоныстану аймағындағы соңғы 6-7 жылда қалыптасқан көшеге саналады. Соған қарамастан тұрғындары өте ұйымшыл, әсіресе жастар. Олар Жұлдызай, Гүлзат, Айжан, Мақпал, Әсел тағы басқалар көше тұрғындарын ұйымдастырып, Ораза ұстағандарға ауызашар берді. Мерекеге орай ән-думан ұйымдастырды.
Көпшіліктің көңілінен шыққан дастарқанда көшенің үлкені Серік Жақия жастарға риза болып бата берді.
– Көшемізге өткен жылы жарық тартылып, асфальт төселді. Бұл үшін іс басында жүрген азаматтарға алғыс айтамыз. Рамазан айы мен Ұлыстың Ұлы күні татулық пен тазалықты сүйеді. Шүкір, татулығымыз өте жоғары. Әрбір тұрғын өз үйінің алдын таза ұстаса, нұр үстіне нұр болады. Бүгінгі жасап жатқан өнегелі істеріңізге Алла риза болсын, – деді ол.
Мерекеден тұрғындар жоғары көңіл күймен тарқасты.
Шаһарбек Нұрсейіт,
ардагер журналист,
көше комитетінің төрағасы
ардагер журналист,
көше комитетінің төрағасы