Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » МЕРЕКЕ МЕРЕЙІ

МЕРЕКЕ МЕРЕЙІ

С.Құттыбаев көшесінің тұрғындары көше болып Ұлыстың Ұлы күнін атап өтті. Көшенің үлкендері Асылбек, Ахмет ағалар мен Ұлжан апа бастаған тұрғындар бірлік мерекесін ерекше ұйымдастырды. Кәрі-жас, алқа-қотан отырып, наурыз тарихынан сыр шертті. Осы көшенің бойында тұратын ұлына келген аралдық ардагер Өмірзақ аға көше тұрғындарының ауызбірлігіне риза болып, батасын берді.
“Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен” жас аналар наурыз көже және де басқа ұлттық тағамдарды дайындап қана қоймай, әуелете ән шырқады, би биледі.
– Көше мерекесін ұйымдастырудағы мақсат – “Көрші ақысы – Тәңір ақысы” дегендей арадағы қарым-қатынасты нығайтып, жастарға ұлттық мерекенің мәнін ұғындыру. Мұндай тәрбие ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретін болады, – дейді көпті көрген Ұлжан апай.
Көше мерекесінің соңында Асылбек аға “Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын” деп бата берді.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
27 наурыз 2019 ж. 1 256 0

Ұқсас жаңалықтар: