Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыс күнін көше болып тойлады

Ұлыс күнін көше болып тойлады

Жақында Н.Ергешбаев көшесінің №3 және №4 тұрғын үйінің тұрғындары Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті. Мереке қарсаңында көше тұрғындары тасаттық беріп, құрбандыққа мал шалды.

Көше тұрғындарының мерекелік бас­қо­суында ҰОС ардагері Яхия Тасыров жиналған қауымға ақ батасын берді. Бұрындары ұлық мерекенің елімізде қалай тойланғаны жөнінде жастарға мол мағлұмат берді.Ғибратты әңгімелерімен бөлісті.

Бұл ретте, әруақтарға Құран бағыш­талды. Береке мен бірліктің үлгісін көрсете білген көше тұрғындары ұлтық дәстүрді жаңғыртып, жаңашылдық үлгісін көрсетті. Құрбандыққа шалынған малдың етін бірқатар аз қамтамасыз етілген отбасы мүшесіне таратып берді. 

– Сіздерді келіп жеткен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек екені мәлім. «Туған ай – тураған етпен тең», әне-міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті. Амандық-саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлттымызға тән тамаша салт-дәстүрімен паш етілетін Наурыз мейрамын өзіндік сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қар­сы алыңыздар. Біздің көшенің тұрғындарына ізгілікті істің басы-қасына табылғандары үшін дән ризамыз. Бірлі­гі жарасқан көше тұрғындары сауапты іске мұрындық болып, ұйым­­шылдықтың үл­гісін көрсете білді. Әркез ел тыныш­­тығын күзеткен ер азаматтар мен ұрпағына сана­­лы тәрбие бере білген аналарымыз аман болсын! Жастарыңыз ұзақ, кө­­ңіл­­деріңіз көтеріңкі, ас­пандары­­­­ңыз ашық болсын, – деді кө­ше тұрғыны Ұл­жан Нұрбаева.

Негізінен, Н.Ер­геш­баев кө­шесінің бо­­йында бірнеше көпқа­батты тұр­­ғын үй ор­наласқан. Со­нымен бірге жаңа­­­дан бой көтерген үй­лерде кент тұр­ғын­­­дары қоныстануда.

Өз кезегінде кө­ше тұр­ғындары ән айтып, би биледі. Бір-біріне ақ­жарма тілегін жет­­кізді. Балалар ойын ойнап, әйелдер қауымы ұлттық тағамдар дайындады. Осындай ізгілікті дәстүрді жалғастыра білген көше тұрғындарына қашанда ауыз­­­­­бір­­шілік тілейміз!
Б.ОРДАБЕКОВ
21 наурыз 2023 ж. 324 0