"Дүниежүзілік мектеп форматы: ереже және төрешілігі”

№137 орта мектебінің оқушысы , жас ақынымыз Мансұров Нұрахмет қонақтарымызға жырдан шашу шашып, арнау өлең айтты. Семинарымызға арнайы қонақ ҚР БҒМ РҚББОӘО ҚР-дағы пікірсайысты дамыту жобалық кеңесінің сарапшысы Нүркен Дәулет Қайратұлы Сырдариялық жас пікірсайысшыларға тренинг жүргізіп өз білімімен, тәжірибесімен бөлісті.
Осы керемет іс-шараның ұйытқысы болған “Дарын”қосымша білім беру орталығының бөлім басшысы Имамзадаева Гүлбану Кузембаевнаға алғыс айтамыз. Семинар-тренинг барысында №139 орта мектебінің дебат үйлестірушісі Тәжекеев Мұхитбек оқушыларға “Шабыт -ұшқыр ой жемісі” тақырыбында, №210 орта мектебінің дебат үйлестірушісі Шакизадақызы Жанар және №132 орта мектебінің дебат үйлестірушісі Абдрахманова Аружан “Пікірсайыспен жаһанның жаңа бағытына” тақырыбында тренингтер жүргізді.
Семинар соңында оқушылар арнайы келген қонаққа өз сұрақтарын қойып, дебат туралы толғамды ой-пікірлерді тыңдап мотивация ала алды.
Уақыт көшіне сәйкес білімді де білікті жеке тұлға дамуында көп көмегі бар пікірсайыс – заман талабының ойыны десек қателеспейміз. Халық арасында «мемлекеттік саяси мәселені 15 минутта талқылап, 5 минутта шешімін табушы жалғыз мамандар» ретінде қалыптасқан Сырдариялық жас пікірсайысшыларға алдағы уақытта тек жеңіс тілейміз!