Мектеп директорлары дебаттық ойында топ жарды
«Тәуелсіз ел болашағы – білімді ұрпақ» тақырыбында мектеп директорлары арасында дебаттық ойындар өтті.
Қызылорда облысының білім басқармасының мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысын дамытудың 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес №35 мектеп-лицей базасында мектеп басшылары арасында дебат турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.
Дебат турнирінің мақсаты: ойыншылардың бойында азаматтық ұстанымды, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту, арттыру.
Дебат ойыны жалпы үш кезең бойынша өтті. Олар: іріктеу кезеңі, жартылай финал және финал.
Пікірсайысқа "Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, ардагер-ұстаз Ұ.Жаналиева және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ш.Нұрсейтов төрелік жасады.
Ойын барысында өзінің тапқырлығын, жан-жақтылығын, білімділігін көрсете білген «Зейнұр», «Ұшқыр ой», «Алау», «Тастүйін», «Үміт» топтары жоғары дәрежеде ойын көрсете білді.
Дебаттық ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынмен «Үміт» тобы (№36 мектеп-лицей директоры Ү.Жұмабаева, №191 орта мектептің директоры Ғ.Жаппаров) және «Зейнұр» тобы (№42 мектеп-лицей директоры З.Жаманқұлов, №132 орта мектеп директоры І.Анафияев).
Жүлделі ІІ орынмен «Тастүйін» тобы (№35 мектеп-лицей директоры Б.Бақбергенова, №130 орта мектеп директоры Ж.Ашықбаев) иеленсе, жүлделі І орынмен «Ұшқыр ой» тобы (№126 орта мектеп директоры М.Төлегенов, №137 орта мектеп директоры Б.Есназар) топ жарды.
«Ұшқыр ой» тобы облыстық кезеңге жолдама алды.