Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

№20 газет

18 наурыз 2025 ж.

№19 газет

15 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қызылордада күріш өңдеу зауыты өртенді

Қызылордада күріш өңдеу зауыты өртенді

Тілсіз жау салдарынан күріш ақтау зауытында жинақталған шамамен 240 тонна күрішке зақым келген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оқыс оқиға Қармақшы ауданына қарасты Дүр-Оңғар ауылында орын алды. “Жаңа жол” ЖШС күріш ақтау зауыты ғимаратының шатыр асты ағаштарының 234 ш.м. жануы анықталды. Өртті сөндіруге Қармақшы ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік өрт сөндіру техникасы 15 қызметкер жұмылдырылды.  Өрт бір жарым сағатта толық  жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

– Өрттің болжамды шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Қазіргі таңда оқиға орнында  ТЖД   Өрт зертханасы  және анықтау бөлімінің мамандары  өрттің нақты шығу себебі мен шығынын анықтауда. – деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі.

Фото: azattyq-news.kz
08 қаңтар 2024 ж. 192 0