Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өрт оқиғасы кезінде қанша адам құтқарылды?

Өрт оқиғасы кезінде қанша адам құтқарылды?

Қызылорда облысы ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің фейсбук ресми парақшасында ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында 23 сағат 33 минутта "112-БДКҚ" қызметінің диспетчеріне Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі, №74 мекен-жайында  орын алған өрт туралы хабарлама келіп түсті делінген.
Өрт орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген соң бұрынғы 5 қабатты жатақхана ғимаратында, бірінші подъезд 34 5-ші қабаты жанып, қатты түтіндеп жатқандығы анықталды.
Сондай-ақ, барлауды жұмыстарын жүргізу барысында 5-ші қабаттың дәлізі толығымен түтіндегені және өрт ошағы дәліздің алыс бұрышында болғаны анықталды. Осылайша газ түтінінен қорғау буынының күшімен пәтерлерде тұрғындардың бар-жоғына барлау жүргізу және оларды құтқару туралы шешім қабылданды.
Ғимараттың екі жағынан автосатылардың көмегімен 5-ші қабаттың терезелері арқылы адамдарды құтқаруға кірісіп кетті. Өрт орнында өрт сөндіру штабы мен 2 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Өрттің күрделілігі жатақхана ғимаратын жоспарлау және күйдіргіш түтінен орын алды.
Барлауды жүргізу және өртті сөндіру барысында барлығы 73 адам құтқарылса, оның 20-сы бала және өрт сөндіру автосаты көмегімен 5 қабаттан 28 адам құтқарылса, оның 7-уі бала. 5 қабатта орналасқан барлық пәтерден 27 және 50 литрден 15 газ баллоны шығарылды.
ГТҚҚ буындары өрт ошағына жақын орналасқан пәтерден улы газбен уланған 6 адам құтқарылып, жедел медициналық көмек бригадасының қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта облыстық медициналық орталықта 5 адам бар..
Өрт 00 сағат 25 минутта оқшауланып,е 00 сағат 35 минутта толықтай жойылды.
Өрт сөндіруге 11 негізгі және арнайы өрт сөндіру автокөліктері мен 57 қызметкер жұмылдырылды. Өрт орнына ТЖД және өрт сөндіру қызметінің басшылығы да қатысты.
Төтенше жағдай орынына полиция департаментінен 36 қызметкер, жергілікті атқарушы орган, прокуратурадан 10 қызметкер,  ЖМКҚ 30 қызметкер мен 10 бірлік техника, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету қызметі жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттың шығу себебі мен шығыны анықталуда.
22 желтоқсан 2019 ж. 807 0