Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада жанармай құйылған цистерна өртенді

Қызылордада жанармай құйылған цистерна өртенді

Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде мұнай базасы аумағында жанармайы бар цистерна өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған оқиға бүгін, 16 қыркүйекте сағат 13.16- да Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі мұнай базасында болған.

«Мұнай базасының аумағындағы теміржолда тұрған жанармай қалдығы бар цистерна өртенді. Жергілікті серіктестіктің біріне тиесілі цистернаның сыйымдылығы 65 тоннаны құрайды. Төтенше жағдайлар саласы мамандарының күшімен өрт 13.35-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
16 қыркүйек 2022 ж. 489 0