Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұрғын үй-жайлардағы өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерi

Тұрғын үй-жайлардағы өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерi

Тұрғын үйлердегі өрттің жалпы себептері: ақаулы сымдар,қосулы электр құрылғыларын қараусыз қалдыру, темекі тұқылдарын дұрыс өшірмеу болып табылады.

Көпқабатты үйдегі өрттің қауiптiлiгi - өрт пен түтіннің төменнен жоғары қарай тез таралуы. Сондықтан жоғарғы қабаттардың тұрғындарына да үлкен қауіп төніп тұр.

- Өрт және (немесе) түтін көзі анықталса, дереу өрт сөндіру қызметіне «101» қоңырау шалу керек. Бұл ретте мекенжайды, байланыс телефон нөмірін және басқа да қажетті мәліметтерді дәл атаңыз.

- Үй-жайдан адамдарды, балаларды, жануарларды шығарыңыз. Мүмкін болса, суық мезгілде өзіңізбен бірге құжаттар, ақша, жылы киім алыңыз.

- Электр құрылғыларын розеткадан ажыратыңыз. Өрт даму сатысында болса, оны өзіңіз өшіріп көріңіз. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштерді, құм, жер, тығыз дымқыл шүберекті қолданған дұрыс. Суды пайдалану тиімсіз, кейде қауіпті.

- Өрттен адамдарды эвакуациялау кезінде мынаны есте сақтау керек:

Егер алдыңғы есікке апаратын жол жабық болса, онда өрт сөндірушілер келгенше балконда, лоджияларда немесе терезенің жанында болған дұрыс. Сигналдарды айқайлау, қол бұлғау және т.б. арқылы беру.

- Жанып жатқан бөлмеде терезелерді, есіктерді ашпаңыз.

- Көбінесе кең ауқымды өрттер орын алатын аумақтар - асүйлер, балкондар, лоджиялар. Мүмкін болса, аулада немесе ғимарат ішінде бір шелек құм ұстаңыз.

Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінінің 8/72436/ 21-4-94 номерлі сенім телефоны жұмыс жасайды немесе өртті байқаған жағдайда «101» «112»-ге хабарласыңыз. Есіңізде болсын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамауы бойынша әкімшілік жаза көзделген.

Сырдария ауданық Төтенше жағдайлар бөлімі  
11 сәуір 2023 ж. 893 0