Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларды өрттен қорғауымыз керек

Балаларды өрттен қорғауымыз керек

Балалардың отпен ойнауынан шығатын өрттің негізгі себебі – ата-анасының балаларын қараусыз қалдыратындығы. Құрметті ата-аналар! Сіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, төтенше жағдайларда қалай әрекеттену керектігі жөнінде балаларыңызбен жиі әңгімелесіңіздер. Ең бастысы, балаға өрт қаупінен аулақ жүруге үйретіңіз. Өрт туындағанда келесі әрекеттер жасау керек:
– От шағын болса, оның үстіне дереу қалың мата немесе көрпе жауып, су немесе топырақ шашып сөндіріп көруге болады;
– От сөнбесе, дереу үйден шығып, қауіпсіз жерге шығу. Содан кейін өрт сөндіру қызметінің «101» телефонына хабарласыңыз немесе көршілердің хабарласуын сұраңыз;
– Өрт кезінде оттан да түтін қауіптірек. Тыныс алу қиындағанын сезсеңіз тізерлеп, шығатын есікке қарай жүру керек, себебі төменде түтін азырақ.
– Егер бөлмеге түтін кірсе, киіміңізді сулап, басыңызды сулаған сүлгімен жауып, бөлмеден шығу қажет.
Құрметті ата-аналар, егер балаларыңызды оттан абай болуға және тиімді құтылу тәсілін таңдауға үйретпесек, олардың жарақаттануы мен қаза болуына әкеп соғуы мүмкін. Балаңыздың отпен ойнау тек өзіне қауіпті емес, өзге адамдарға да қауіпті екенін есінде сақтауы керек.
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 21-4-94 сенім телефоны жұмыс жасайды. Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда, шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, мекен жайды асықпай толық айтуы тиіс.

Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
07 маусым 2020 ж. 580 0