Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Шымкент пен Таразда, Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді

Шымкент пен Таразда, Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 наурыз күні сағат 02:07 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.1. MPV магнитудасы - 6,5. Эпицентр координаттары - 39.27° солтүстікке қарай - 69.80°. Тереңдігі - 25 шақырым», - деп жазды стансаның кезекші диспетчері.

МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Қазақстанның Шымкент, Тараз қалаларында, Түркістан облысында 2-3 балл шамасында сезілген.

Еске сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Ауғанстандағы жер сілкінісі Қазақстанның 5 өңіріне әсер еткен болатын.

Ол кезде де табиғат апатының күші 3 баллға дейін жетті.
23 наурыз 2023 ж. 535 0